«Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінде Әдістемелік Кеңес жұмыс жоспарына сәйкес «Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» тақырыбында ұйымдастырылған әдістемелік онкүндік аясында «Әртүрлі мамандықтағы білім алушыларға фортепиано аспабын үйрету: міндеттері, өзекті мәселелері және болашағы» тақырыбында облыстық семинар ағымдағы жылдың 25 қаңтар күні өтті.
📌Семинар мақсаты: Әр түрлі мамандық студенттері мен оқушыларына фортепиано аспабын үйрету сапасын арттыру, пәнді оқытуда өзекті мәселелерді талқылау және жаңа тиімді инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалана отырып шығармашылықпен жаңаша қызмет ететін ұстаздарды анықтау, қолдау.
«ӘРТҮРЛІ МАМАНДЫҚТАҒЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА ФОРТЕПИАНО АСПАБЫН ҮЙРЕТУ: МІНДЕТТЕРІ, ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР
