Ұстаз – ұлағатты ұлы тұлға. Ұстаз бейнесі шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі.
🔰Осы орайда, “Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы “Атырау музыка колледжінде “Ұстазға мың тағзым” атты Өнер ордасының 65 жылдығы аясында ұстаздарға арналған мерекелік кеш өтті.https://www.facebook.com/share/r/1BdSCFD2dh/
🔵Шараға қазыналы қарттарымыз, ардагер-ұстаздар арнайы шақыртумен қатынасып, құрметті қонағымыз болды.
🟢Кешімізді колледж директоры, ө.ғ.к. Садуахасова Г.М. салтанатты құттықтаумен ашып, ұстаздарды ҚР Оқу -ағарту министрлігінің “Алғыс хатымен” және Түркі тілдес халықтардың “Saz perneli Saraishyq “ II Халықаралық музыкалық “Dombyra“ фестиваліне оқушы-студенттерді дайындағаны үшін Сертификаттарымен марапаттады.
Сондай -ақ , кәсіби мерекемен қатар келген 6-қазан “Есепшілер күні”, 10-қазан “Қазақстан кәсіподақтарының күні” мерекесіне орай, колледждің кәсіподақ төрайымы Хожакова Б.Н. ұжым мүшелерін атаулы мерекелермен құттықтай отырып, облыстық кәсіподақ ұйымының “Алғыс хатымен” марапаттады.
✅Кеш соңы әдемі ән мен күйге ұласып, ардагер-ұстаздарымыз құттықтау сөз сөйлеп, ризашылықтарын білдірді.https://www.facebook.com/share/r/1BdSCFD2dh/
#музакадемия😊😘👏✊🎹🎼🎶🎵💕💞