Күй атасы Құрманғазының ең таңдаулы шәкірті, қазақ халқының күй өнерінде “Күй — Анасы” атанған Қазақ ССР халық артисі, күйші — композитор Дина Нұрпейісованың өмірден өткеніне 31 қаңтар күні, яғни бүгін 70 жыл толып отыр.https://www.facebook.com/share/r/15mHJXAK4B/
📌 Күйші Алматы қаласында 1955 жылы 31 қаңтарда дүниеден озған болатын. Дина Кенжеқызының есімін ұлықтап, есте қалдыру мақсаты мен кейінгі өнерлі жастарға насихаттау тұрғысында “Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы” Атырау музыка колледжінде бүгін үлкен шара аталынып өтті.
⚜️Ұжым басшылығының ұйымдастыруымен оқытушылар мен студенттер оқу орны алдындағы күйші ескерткішіне тағзым жасап, гүл шоқтарын қойды. Дина Нұрпейісованың рухына құран бағышталды. Колледж директоры Садуахасова Гүлнара Манапқызы сөз сөйлеп күйші жөнінде және колледж тарихынан сыр шертіп, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбиесі мол шараның жай-жапсарын түсіндіріп, толыққанды ақпарат берді.
🟢Шара жалғасын тауып колледждің концерттік залында Домбыра пән бірлестігі оқытушылары мен студенттерінің ұйымдастыруымен күйші шығармашылығына арналған концертке ұласты. Концертті Домбыра пән бірлестігінің төрағасы Сақтанов Ерлан Табидоллаұлы жүргізді.
🔵Күй кешінде Дина Кенжеқызының “Байжұма”, “Науысқы”, “8 март”, “Өттің дәурен”, “Әсем қоңыр” т.б. туындылары көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Кеш соңында колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Нигметова Ардақ Сүндетқалиқызы құттықтау сөз сөйлеп қорытындылады. Күй кешіне қатысушылар мен көрермендер күйші шығармашылығы мен өмірдерегінен мол мағлұмат алып тарасты.✅
#музакадемия😊😘👏✊🎹🎼🎶🎵💕💞 #біртұтас_тәрбие
Меньше