Колледж студенттерінің ата-аналарымен https://www.facebook.com/share/p/19g3m155eS/

Күн тәртібінде :
1.Колледж студенттерінің оқу үлгерімі, тәртібі, ішкі тәртіп Ережесі.
колледж директоры: Г.М.Садуахасова
2.Бала қауіпсіздігі- қоғам келешегі.
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: С.Ш.Дюсемалиева
3.Әртүрлі мәселелер қозғалды.

🔵Жиналыс барысында колледж директоры Г.М. Садуахасова оқу үлгерімі , тәртібі, одан бөлек колледждің, жатақханада тұратын студенттер үшін де ішкі тәртіп ережесін таныстырып өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Ш.Дюсемалиева
балалар мен жасөспірімдерді басқара алатын және оларды психикалық және физикалық қауіп-қатерге душар ететін қауіпті онлайн ойындар мен топтар туралы айтты. Оның ішінде:
📎Интернеттегі қауіптер;
📎Шынайы өмірдегі буллинг және кибербуллинг;
📎Балалар арасында өсіп келе жатқан тренд болған онлайн ойындар;
📎Баланы қайғылы жағдайдарға итермелеуі мүмкін кітаптар мен сайттар;
📎Әлеуметтік желідегі алаяқтықтар;

Одан бөлек қазіргі қоғамда белең алып отырған мәселелердің бірі және бірегейі бала қауіпсіздігі болып табылатынын айта отырып ,ата-ана мен баланың қарым-қатынасын нығайту, ұялы телефондарын ұдайы қадағалап тұру, түрлі күдік тудыратын әлеуметтік желілерде отырмауын қадағалау жөнінде толық тоқталып өтті.✅

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *