КОЛЛЕДЖІШІЛІК «ПАНОРАМАЛЫҚ САБАҚ — 2025» БАЙҚАУЫ
«Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінде «Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» тақырыбында ұйымдастырылған әдістемелік онкүндік аясында «Заманауи сабақ – педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» тақырыбында колледжішілік «Панорамалық сабақ — 2025» байқауы ағымдағы жылдың 23 қаңтар күні өтті.https://www.facebook.com/share/p/148AF7LEkj/
Пәндерді оқытуда жаңа тиімді педагогикалық технологияларды пайдалана отырып шығармашылықпен жаңаша қызмет ететін ұстаздарды анықтау, қолдау мақсатында ұйымдастырылған бұл кәсіби байқауға колледждің жеті оқытушысы қатысып, өз іс тәжірибелерімен бөлісті:
Музыка теориясы пән бірлестігінің оқытушылары Ғинаятова С.А. Этносольфеджио пәнінен «Майра Шамсутдинованың әндері» тақырыбында және Насырова Г.З. Қазақ музыка әдебиеті пәні бойынша «Қазақ халқының музыкалық-поэзиялық дәстүрлері. Айтыс. Айтыстың түрлері» тақырыбында,
Хорда дирижерлау мамандығының оқытушылары Қайрат Ж.И. Мектеп практикасы пәні бойынша «Жасанды интеллект арқылы музыкаға баулу» тақырыбында және Амангельдиева Ф.А. Дирижерлау пәні бойынша «Дирижерлық техниканың әдіс-тәсілдері. Күрделі өлшеммен жұмыс» тақырыбында,
Үрлемелі-соқпалы аспаптар мамандығының оқытушысы Курмантаев М.О. Арнайы аспап пәні бойынша «Работа над гаммой» тақырыбында,
Дәстүрлі ән салу пән бірлестігінің оқытушысы Сүндеткалиева Ж.Ғ. Жеке ән салу пәні бойынша «Жетісу өңірінің ән айту мәнері» тақырыбында,
Жалпы білім пән бірлестігінің оқытушысы Изтелеуова А. Б., Қазақ әдебиеті пәні бойынша «Абай жолы романындағы әйел-аналар образы» тақырыбында сабақтарын қорғады.
Колледж директоры, өнертану ғылымдарының кандидаты, Іскерлік әкімшілік басқару Докторы, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, ҚР Мәдениет саласының үздігі Садуахасова Гульнара Манапқызы төрағалық еткен және Әдістемелік Кеңес төрайымы мен мүшелерінен құралған қазылар алқасы байқауға қатысқан колледж оқытушыларының жұмыстарын сараптап, сертификаттар табыстады. Кәсіби сайысқа қатысқан Әріптестерімізді құттықтай отыра, ұстаздық қызметтеріңізде шалқар шабыт пен шығармашылық табыстар тілейміз!
КОНКУРС КОЛЛЕДЖА «КЛАСС ПАНОРАМЫ — 2025»https://www.facebook.com/share/p/148AF7LEkj/
Межколлегиальный конкурс «Уроки панорамы — 2025» прошел 23 января текущего года в десятидневной методической рамках темы «Цифровой Казахстан: современное образование», организованной в Атырауском музыкальном колледже имени Дины Нурпеисовой.
Семь преподавателей колледжей приняли участие в этом профессиональном конкурсе, организованном с целью выявления и поддержки педагогов, которые творчески служат с использованием новых эффектив…




