Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы Атырау музыка колледжінде Ресей мен Дағыстанның еңбек сіңірген мәдени қызметкері, Дағыстан Республикасының Халық әртісі, «Ноғай мемлекеттік ұлт аспаптар оркестрінің» негізін қалаушы, дирижер, композитор Яхъя Таймасханұлымен кездесу болып өтті.
https://www.facebook.com/share/r/18iUs5YCpc
🔵Түркі халықтарының арасында қазаққа тілі, дінімен жақыны – Ноғай жұрты. Тарихқа көз жүгіртсек ноғайлар халқы қазақтардан бір ғасыр бұрын пайда болған. 17 ғасырда сыртқы жаулар тарапынан болған шапқыншылықтың ауыр зардабы мен ішкі қырқыстың кайғылы заманы болды. Мейірімсіз хан халықты атамекенінен тықсырып, қазақ пен ноғайды айырды. Қалмақ ханы Хо-Урлық шапқыншылығынаи соң ногайлар Жайық пен Еділдің арғы бетіне өтіп, қазақтар 1636 жылы оңтүстікке ығысады.https://www.facebook.com/share/r/18iUs5YCpc/
🟢Кездесу барысында студенттер ХІV-ХVІІ ғасырдағы Сыпыра жырау, Шалкиіз Тленшіұлы, Досмамбет Азаулы, Қотан Арғынұлы, Асан қайғы, Жиренше шешен, Қазтуған Сүйіншіұлы сынды ауыз әдебиетіміз бен жыраулық поэзиямыздың өкілдерінің рухты шығармаларын орындап, келген мейманның әңгімесін тыңдады.https://www.facebook.com/share/r/18iUs5YCpc/